arasha.kz

Апат болған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Фото:ҚР ТЖМ

Фото:ҚР ТЖМ

Апат болған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды деп хабарланған Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының фейсбук парақшасында.

Ұшқыш 21 қаңтарда №4 қалалық ауруханадан жағдайы тұрақты деп шығарылған екен.
«Емханада кардиолог, хирург, терапевт, психолог мамандардың бақылауында болған ұшқыштың жағдайы күрт нашарлап кеткені туралы хабар 28 қаңтарда кешкі сағат 18.00 жедел жәрдем қызметіне келіп түскен. Жедел жәрдем уақытында жетіп, жүрек қызметін қалпына келтіру бойынша барлық реанимациялық шаралар жасалған, алайда еш нәтиже шықпады», -деп жазылған хабарламада.

Exit mobile version