Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті лауазымындағы жылдар бойы қажырлы, ең бастысы жемісті қызметі үшін алғыс білдірді.
Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Facebook желісіндегі парақшасында Ақан Сатаев аты аңызға айналған киностудия – «Қазақфильм» АҚ-ның басшысы қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.
«Оның ары қарайғы шығармашылық жолы да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалармен жалғасатынына сенімдімін», – Дәурен Абаев.
Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024