15-11-21 |
1230 рет қаралған
Ақмолада әскери бөлім сарбазы табылмай жатыр.
Ақмолада әскери бөлім сарбазы табылмай жатыр

Ақмола облысында әскери бөлімде жоғалып, қайта табылған сарбазға қатысты  тың мәлімет шықты.

Облыстық полиция департаменті 12 қараша кешкі сағат 21:00 шамасынан бері Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері табылмай жатқанын хабарлаған болатын.

Полицияға әскери бөлім қызметкерлері мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан.

Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген.

Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

«Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Ақмола гарнизонының 55209 әскери бөлімі жоғалған сарбазға қатысты ресми түсіндірме берді. Қатардағы жауынгер А. 2021 жылдың 12 қарашасында кешкі түгендеу кезінде болмаған.

«Сарбаз Қарулы Күштер қатарына 2021 жылдың қараша айында шақырылған.
Әскери бөлім командирі жоғалған сарбазды іздеуге қажетті шараларды қабылдады. Әскери қызметші тәулік ішінде табылды. Дені сау, аман. Аталған факті бойынша әскери полиция органдары тергеу жүргізуде»,- деп хабарлады әскери бөлім.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.