Америка ғалымдары зерттеу нәтижелері бойынша екі қабаттап қолдан жасалған маскалар аэрозоль бөлшектерінің 80-99%-ына тосқауыл қояды және АҚШ-тың медицина қызметкерлеріне ұсынылатын N95 топтағы респираторлардан тиімділігі жағынан кем түспейді деген қорытынды жасады.
Зерттеушілер ауада сұйықтық пен қатты заттардың бөлшектерін шашырататын арнайы аэрозоль қондырғысын әзірледі. Аталған жүйені қолдана отырып, олар қандай масканың зиянды бөлшектерді ұстап қала алатынын зерттеді. Ең нашар қорғаныс деңгейі бір қабатты маскаларда екені анықталды.
Сондай-ақ, зерттеушілер масканың бетке ыңғайлы әрі жанасып тұруының, ешқандай жыртылған жерінің болмауы маңызды екенін ерекше атап өтті. Олай болмаған жағдайда, масканың көмегі кем дегенде екі есеге азаяды.
Мұндай ақпаратты мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы telegram каналы жариялады.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024