28-09-22 |
1500 рет қаралған
АҚШ өз азаматтарын дереу Ресейден шығуға шақырды.
АҚШ өз азаматтарын дереу Ресейден шығуға шақырды

Мәскеудегі АҚШ елшілігі мобилизацияға байланысты Ресейдегі азаматтарын дереу кетуге шақырды.

«АҚШ азаматтары Ресейге бармағаны жөн, ол жақта тұрып жатқандар немесе іссапарда жүргендерді дереу шығуға шақырамыз», – делінген елшіліктің мәлімдемесінде.

Америкалықтар Ресей екі елдің азаматтығын мойындамай, азаматтарын әскери міндетін өтеуге соғысқа шақыруы мүмкін деп алаңдайды.

«АҚШ азаматтарына Ресейде бейбіт жиналыстар мен сөз бостандығына кепілдік берілмейтінін еске саламыз. Кез келген саяси және әлеуметтік ереуілден аулақ болыңыз және құқық қорғау органдары қызметкерлерін суретке түсірмеңіз. Ресей билігі наразылық шарасына қатысқан АҚШ азаматтарын қамауға алды», – делінген елшіліктің ескертуінде.

Бұған дейін Болгария, Польша және Эстония билігі өз азаматтарын Ресейден дереу кетіп, ол жаққа бармауға шақырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.