09-09-22 |
1170 рет қаралған
АҚШ Ресейге дрондарды жеткізген ирандық фирмаға санкция салды.
АҚШ Ресейге дрондарды жеткізген ирандық фирмаға санкция салды

Америка ұшқышсыз ұшақтарды Ресейге жеткізуді ұйымдастырған ирандық Safiran компаниясына қарсы санкция салды. АҚШ-тың Қаржы министрлігінің мәлімдемесінше, ағылшын тілінде Safiran Airport Services деп аталатын фирманың Иранның ұшқышсыз ұшақтарын, қосымша жабдықтарды және мамандарды Ресей әскери ұшақтары арқылы Ираннан Ресей жеткізген. АҚШ агенттігінің атап өтуінше, Ресей Аэроғарыш күштері бұл ұшқышсыз ұшақтарды Украинамен соғыста қолдануды көздеп отыр, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Біз Ислам революциясы Сақшылар корпусының ұшқышсыз ұшақтарды қаруландыру бағдарламасына қатысатын өндірушілер мен сатып алушыларға санкция салудан тартынбаймыз. Иран мен Ресейден өзге құрылымдар да әзірлеуді қолдаудан немесе тасымалдаудан өте сақ болуы керек», – деді министрдің терроризмге қарсы және қаржылық барлау жөніндегі орынбасары Брайан Нельсон.

Кейінірек АҚШ-тың Қаржы министрлігі бір ғана емес, ирандық үш ұшқышсыз ұшақ өндіруші компанияға санкция салғаны белгілі болды. Санкцияға ілінген мемлекет пен фирманың АҚШ-тағы барлық активі бұғатталып, олармен кез келген компания тұрмақ, АҚШ азаматтарының қарым-қатынас жасауына тыйым салынған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.