АҚШ-тың Алабама штатында сотталған адам алғаш рет таза азотты тұншықтырғыш арқылы өлім жазасына кесілді.
1988 жылы әйелді өлтіргені үшін сотталған Кеннет Юджин Смит өзінің үкіміне шағымдануға тырысты, бірақ үш шағымы да қабылданбады.
2022 жылы Смитті өлімге әкелетін инъекция арқылы өлтірмек болған, бірақ бұл әдіс сәтсіз аяқталды – процедураны жүргізген мамандар тамырға инені кіргізе алмады, содан кейін үкімді орындау туралы ордердің мерзімі аяқталды.
«30 жылдан астам жүйені алдауға тырысқаннан кейін, Смит өзінің жан түршігерлік қылмыстары үшін жауап берді», – деді Алабама губернаторы Кей Айви.
Штаттың бас прокуроры Стив Маршалл қатыгездік туралы айыптауларды жоққа шығарып, өлім жазасын «тиімді және адамгершілікке сай» деп мәлімдеді.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024