Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу дерегі анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.
Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды. «Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтерімен 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024