24-09-22 |
1980 рет қаралған
Ақтауда кеден бекетінің басшылығы пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ақтауда кеден бекетінің басшылығы пара алды деген күдікпен ұсталды

«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты іс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Astana TV өңірдегі прокуратураға сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы – «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы бірнеше мәрте пара алуы» бойынша қолға алынды.

Бұл арада қандай сома туралы айтылып отырғаны белгісіз. Басты күдікті екі айға қамауға алынды.

«Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта тергеу органы қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін талап етілетін тергеу әрекеттерін жүргізуде», – дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.