14 желтоқсан күні Ақтөбедегі мектептердің бірінде қайғылы жағдай болды. Жетінші сынып оқушысы қайтыс болды.
Қайғылы жағдайға қатысты Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Ақтөбе қаласындағы №27 мектептің 13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп шұғыл жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілді. Ауруханадан суық хабар алынды», – деді Білім басқармасы.
Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.