04-10-22 |
840 рет қаралған
Ақтөбеде балалар үйінің тәрбиленушілерін ұрып-соққан қызметкер сотталды.
Ақтөбеде балалар үйінің тәрбиленушілерін ұрып-соққан қызметкер сотталды

Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығыың санитары балалар үйінің тәрбиленушілерін ұдайы ұрып-соғып отырған деп айыпталды.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қалалық №2 соты кінәлі тұлғаға қатысты 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Үміт» балалар үйінде орналасқан әлеуметтік қызмет көрсету орталығында палата санитары қызметін атқарған К. Есімді адам 8-24 сәуір аралығында дәрменсіз жағдайдағы кәмелетке толмаған балаларды жүйелі түрде ұрып-соққаны анықталды», – делінген сот хабарламасында.

Белгілі болғандай, айыпталушыға қатысты қинау айыбы бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1,2) тармақтарымен қылмыстық іс қаралды.

«Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады және шын жүректен өкінетінін білдірді. Жәбірленушілер сотталушыға кешірім берді. Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушілердің айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдермен расталады», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының шын жүректен өкінуін, асырауында жас балаларының болуын таныды. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар сотта анықталған жоқ.

«Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1,2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.