Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
Шалқар ауданындағы №6 мектеп директорының ісі сотқа түскен. Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен қаралады. Оған 600 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, директор әуелі жұмыстан шеттетілген. Ал қызметтік тексеруден соң орнынан босатылған.
«Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен сотқа берілген Жаңабай Ақмырзаұлы Мусин жөніндегі қылмыстық құқықбұзушылық туралы істің басты талқылауы 27 ақпан күні электронды форматта жүргізіледі. Сотталушы Ж. Мусинге қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық түрінде» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Басты сот талқылауы прокурордың және қорғаушының қатысуымен ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Сотталушы жеке қорғаушы жалдаған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылса, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024