arasha.kz

Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды

24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты.

Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.

ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Exit mobile version