arasha.kz

Архангельск соты Ресей армиясын сынға алған зейнеткерге 30 мың рубль айыппұл салды

Архангельск соты Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық ТЖМ-нің бұрынғы баспасөз хатшысы, отставкадағы майор Дмитрий Чистяковты «ВКонтакте» желісіндегі Украинаға басып кірген ресейлік жауынгерлер жайлы жазбасы үшін 30 мың рубль айыппұл салды.

Зейнеткерді Ресей Армиясының беделіне нұқсан келтіру бабы бойынша айыптаған.
Чистяков залда өз кінәсін мойындамағанын «ВКонтакте» желісінде жазды.

«Маған олар бірнеше рет кінамды мойындау жөнінде бірнеше рет келіп кеңес берді. Тәубеме келдім, шатасыппын дегенді айт деді. Бірақ мен ондай адам емеспін. Менің өз ұстанымым бар, міне соны айтып, жағдайды қалай көретінімді айттым. Сот қорытындысы бойынша кінәлі болып шықтым және 10 күн ішінде 30 мың рублді айыппұлды қолыма аламын. Жақында Юрий Шевчукке 50 мың салды. Мұндай компанияда болу мен үшін ұят емес»,-деп жазды отставкадағы майор.

Дмитрий Чистяковты 2022 жылдың 20 маусымында әлеуметтік желіде жазған посты үшін Архангельскте қамауға алған. Ол соғыстың қылмыс екенін және адамдарды утилизацияға жіберуге қарсы екенін жазған. Сонымен қатар ол Шешенстан соғысына қатысқанын әрі ТЖМ-ден неліктен кеткені жайлы баяндаған.

Ресей Украинаға басып кіргелі құқық қорғаушылар ресейлік армияның беделін түсіру ісі бойынша үш мыңнан астам іс қозғаған.

Exit mobile version