Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азаматпен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды.
«Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды»,-деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.
Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына “Адам өлтіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024