arasha.kz

Аружан Саин: Педофилдердің суретін көрсетіп, атын атау керек

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл, «Милосердия» қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин педофилдердің атын атап, түсін түстеу керек екенін айтып отыр.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында балалар зорлығы сияқты қылмыс бойынша сотталғандар жайлы материалдар үнемі аты-жөндері аталмай, суреттері көрсетілмей жарияланып жатады. Бұл осындай қылмысқа бейім адамдар үшін қорқыныш тудырмауы мүмкін. Мәселен, оларда «мен ғана мұндай емес екенмін ғой, әне, қаншама адам солай жасап жатыр» дегендей ой қалыптасуы мүмкін.

Мұны айтып жеткізу қиын, бірақ біз үнемі зорлық бойынша істермен айналысып келеміз. Зорлықшылар жазаланған күннің өзінде шарасыздық сезімі туады. Жаза – балалардың көрген азабы мен тартқан қасіретін қайтара алмайды», – дейді Аружан Саин фейсбук парақшасында .

Айта кетсек өткен аптада Тараз қаласындағы мектептердің біріндегі әжетханада, сабақ уақытында 12 жастағы қыз зорланғаны туралы ақпарат тараған. Күдікті қамауға алынды. Мектеп директоры мен оқу орнының үш қызметкері жұмыстан қылды.

Exit mobile version