arasha.kz

Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

18 қаңтар күні Астана маңында парашютпен секіру тапсырымасын орындау кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

«Парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімдік қызметтегі сарбаз қаза тапты. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр», -деді ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, әскери қызметші әскерге 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған.

«Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданады», – дейді Талғат Қойбақов.

Exit mobile version