Астанада ер адамды топ болып соққыға жығу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
«Осы жылдың 17 ақпанында орын алған бұл оқиға бойынша төбелеске қатысқан барлық азаматтар анықталып, полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққыға жығу сәті түсірілген бейнежазбалар интернетте таралуда.
Сипаттамаға сәйкес, оқиға елордадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған, ал шабуыл жасағандар сол мекеменің күзетшілері деп көрсетілген.