ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», — дейді елорда сотынан.
Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды. Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.