03-05-23 |
1220 рет қаралған
Астанада LRT қаржысын жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты.
Астанада LRT қаржысын жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС-нің басшысы Талғат Арданды жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

3 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Astana LRT ісіне қатысты күдіктілерге үкім шықты.

Белгілі болғандай LRT ЖШС-нің басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков жеті жылға сотталды.

Айта кетсек, аталған азаматтар LRT салуға бөлінген қаражаттың 5,8 млрд теңгесін жымқырды деп айыпталған. Бұл іс бойынша жоғарыда атлған екі азамат күдікті деп танылып, оларға іздеу жарияланған болатын.

Құқыққорғаушылар әкімнің бұрынғы орынбасарын АҚШ-тан алып келуге күш салып жатыр, ал «Астана ЛРТ» басшысы Түркияда жүр жәе оны қамауға алу жөнінде ордер берілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.