Бүгінде елімізде жаңартылған энергия көздерінің жиынтық қуатын арттыру, энергия тапшылығының алдын алу бойынша мәселелер талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы елімізде атом электр станциясын салу аталған мәселенің тиімді шешімі екенін жеткізді. Еліміздің жоғары оқу орындарында осы салада даярланып жатқан болашақ мамандармен оқытуды пысықтау, тәжірибені молайту бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жол ашпақ.
Алматыда физика-техникалық салада оқып жатқан студенттерге «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин көшбасшылық дәріс оқыды. Онда атом энергетикасы, атом электр станциясын салу мүмкіндіктері жайлы айтылып, студенттермен пікір алмасу өтті.
«Атом энергетикасының дамуы бұрын орын алған барлық жағдайларды ескереді. Шартты түрде даму кезеңдері бойынша реакторлар бірнеше ұрпаққа бөлінеді. Атом энергетикасы белсенді дамып жатыр және қазіргі заманғы 3 және 3+ буын реакторлары екінші буын реакторларына қарағанда едәуір мықты. Мұны азаматтық авиацияның даму эволюциясымен де ұқсастыруға болады. Біз электр энергетика саласының дамуы аясындағы атом энергетикасы, АЭС орнату аймағын таңдау, реакторлар, жобаны іске асыру схемасы мен механизмдері, кадрлар және сын-қатерлер мәселесін қарастырдық. Қытай, Корея, Ресей, АҚШ және Франциядан техникалық-коммерциялық ұсыныстар келіп түсті. Ядролық энергетикалық технологияларды салыстырмалы талдау мен бағалау үшін МАГАТЭ құжаттарының ұсынымдары негізінде критеийлер жүйесі әзірленді», – деді Т.Жантикин.
Жақында ғана Алматы облысының жұртшылығымен кездескен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, еліміздің көміртегі мөлшерін азайту міндеттемесін алғанын ескерсек, бізге жаңартылатын энергия көздерінің жиынтық қуатын әлі де арттыра түскен жөн. Оның үстіне электр энергиясын тұтыну қарқынының ұдайы өсуіне байланысты энергия тапшылығы қазірден сезіле бастады. Осы орайда Президент аталған мәселенің тиімді шешімінің бірі атом электр стансасын салу екенін айтты. «Бұл жөнінде өз ұстанымымды тағы да жеткізгім келеді.
Елімізде энергия тұтыну көрсеткіші ұдайы өсіп келе жатқан жағдайда оны тұрақты өндіру үшін бізге атом электр стансасын салуға тура келеді. Мамандар Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылын АЭС құрылысына ең оңтайлы орын деп есептейді. Біз бүгінімізді ғана ойлап, түрлі фобиялардың жетегіне ермеуіміз керек. Себебі еліміздің келешегіне қатысты мәселе шешілгелі тұр. Әйтпесе елдің дамуы тұралап, көрші елдерге энергия тұрғысынан тәуелді болу қаупі бар, – деді Мемлекет басшысы.
Елдің энергетикалық даму мүмкіндіктерін қарастырған көшбасшылық дәрісте студенттер сауалдарын жолдап, пікір алмасты.
Соңында оқу үлгерімі ең үздік үш студентке «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС тарапынан бір реттік стипендиялар табысталды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024