23 наурыз күні Қандыағаш қаласында екі кішкентай баланың денесі табылды. Үлкені үш жаста, кішісі 11 айлық болған.
Сәбилердің өліміне күдікті ретінде олардың анасы – Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды. Ол аудан орталығына қонаққа келген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел босанғаннан кейінгі депрессияға ұшыраған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу полиция басшылығының бақылауында.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.