arasha.kz

Атырауда жат діни ағым өкілдерінен есірткі табылды

19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді, деп хабарлады polisia.kz.

Іс-шара барысында дестурктивті діни ағымның радикалды бағытын ұстанған 1995 және 1996 жылы туған азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасы тәркіленді.

«Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттар 186 грамм марихуана екендігі белгілі болды», – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Exit mobile version