12-03-19 |
2700 рет қаралған
Ауаның ластануы бойынша Қазақстан әлем елдері ішінде 20-шы орында.
Ауаның ластануы бойынша Қазақстан әлем елдері ішінде 20-шы орында

Greenpeace халықаралық табиғатты қорғау ұйымының және AirVisual компьютерлік бағдарламаларын әзірлеуші компанияның сарапшылары 73 мемлекеттің ауа тазалығын салыстырды. Олардың арасында Қазақстан да бар екен.

Олар PM 2,5 шаңының қанша микробөлшектері қандай да бір елдің қалаларының ауасында бар екенін бағалады. Бұл адам үшін ең қауіпті ауа ластануының бір түрі: өте ұсақ мөлшерден (диаметрі 2,5 микрон – адам шашының қалыңдығынан 24 есе аз) бөлшектер тыныс алу жолдарына терең еніп, өкпеге қонады да, денсаулыққа байланысты проблемалар туғызады. Олар тіпті аллергиядан онкологиялық ауруларға дейін қауіпі бар, деп түсіндірді сарапшылар.

AirVisual сайтының мәліметтері бойынша, бүгінгі күні ауаның ластануы әлемдегі ерте өлім-жітімнің төртінші себебі болып табылады. Жыл сайын 7 миллионнан астам адам осының салдарынан қаза болады. Оның күнделікті өмірге әсері әрдайым айқын бола қоймаса да, әлемдік экономика жыл сайын шамамен 225 миллиард доллар Еңбек ресурстарын жоғалтуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.