Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылын таза сумен қамтуға жұмсалған 330 млн теңге желге ұшты.
Atameken Business-тің мәліметінше, елдімекенге екі жыл бұрын тартылған су құбыры қазір жарамсыз.
Тапсырыс беруші тарап мердігерді сотқа бергенімен жеңіліп қалған. Ал жауапты шенділер ауылға енді қашан су берілетінін нақты айта алмайды.