
Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты.
1 қарашада сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазды Tengrinews.kz.
«Көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025