29-12-23 |
12090 рет қаралған
Балалар үйінің қызметкері жетім балаларға бөлінген шыршаны үйіне алып кеткен.
Балалар үйінің қызметкері жетім балаларға бөлінген шыршаны үйіне алып кеткен

Қостанайда кәсіпкер жетім балаларға 280 мың теңгенің жаңа жылдық сыйлықтары мен үш шырша сыйлаған, бірақ кейіннен берілгеннің бәрі кенет жоғалып кеткен.

ТоболИнфо сайтының жазуынша, Орталықтың қызметкерлері балаларға деп берілген сыйлықтардың қайда жоғалып кеткенін айта алмаған.

«Мен 22 желтоқсанда балаларға арналған үш үлкен шырша әкелдім. Арнайы қымбаттарын сатып алдым, екі метрден жоғары. Фоторепортаж жіберіңдер десем, мен берген шыршаны емес басқасын жіберіпті. Олар әлдеқайда аз болды және қазірдің өзінде сарғайып кеткен. Мен бұл мәселені көтеріп, зерттей бастағанда, олар маған ештеңе түсіндіре алмады», – деп шағымданды бойжеткен.

Оқиғаға полиция араласқанда, балалар үйінің жұмысшыларының бірі демеуші әкелген шыршаны үйіне алып кеткенін мойындады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тағы екі ағаш орнында тұр, бірақ кәсіпкер мұнымен келіспейді.

«Бұл менің өнімім емес. Шыршаларды дайындағанда мен Ресейге өзім барып, әр ағашты таңдаймын, соған сәйкес кесу кезінде басқалармен араласып кетпеуі үшін бояумен белгілеп қоямын», – деп түсіндірді Орталықта орнатылған ағаштарды көрсеткен сатушы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.