Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Владислав Челахтың қылмыстық ісін оның президентке жазған өтініші мен тергеуді қайта бастау туралы өтінішінен кейін зерттеу үшін сұратып алғанын мәлімдеді.
Редакция Владислав Челахтың өтініші жөнінде жолдаған сауалға берген жауапта атап өтілгендей, Қылмыстық-процестік кодексінің 486-бабына сәйкес, бас прокуратура сотталушының арызын тексеру мақсатында қылмыстық істі сұратып алды.
«Сотталғанның уәждері Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында және Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен тексеріледі», – дейді 2-қызмет басшысының орынбасары Р.Дубаева.
22 желтоқсанда Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға түскені белгілі болды.
Бұған дейін ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ісі бойынша тергеуді жалғастыруды және одан жауап алуды сұраған еді. Тұтқында отырған Челах қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып беруге дайын екенін жеткізді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024