17-01-23 |
1290 рет қаралған
Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімдерін жариялады.
Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімдерін жариялады

ҚР Бас прокуратурасы өткен жылы шет мемлекеттер еліміз тарапынан іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы 50 сұрауды қанағаттандырған.

Құзырлы орган қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарды жүргізіп жатқанын, бүгінгі таңда Қазақстан 34 мемлекетпен қылмыстық-құқықтық салада 72 екіжақты шарт жасасқанын атап өтті.

Мысалы, өткен жылы Бахрейн Корольдігінен кәмелетке толмағандар саудасына, атап айтқанда, қыздарды Қазақстаннан Бахрейнге жыныстық пайдалануға жібергені үшін күдікті А.Пичугина ұстап берілген.

«Сол сияқты «РБК Банкі» АҚ-ның 15 млн АҚШ долларынан астам сомасын ұрлады деген күдікті В.Власов, қаржы пирамидасын («Qi TRADE Kazakhstan», «Выгодные займы») құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметова, Б.Томин және Е.Шарифуллин, сондай-ақ құрамында 1 млрд теңгеден астам сомаға алтыны бар материалды қылмыстық топтың құрамында ұрлағаны үшін А.Тимаковты Ресей тарапы ұстап берген», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұранысты Қырғызстан тарапы жүзеге асырған.

Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланған.

Алаяқтық жолымен 288 млн. теңгені ұрлық жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берген.

Оған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізуде, оған Бас Прокурор басшылық жасады.

«Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша шаралар кешенін қамтитын заң жобасы әзірленіп жатыр”, – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.