16-08-22 |
2030 рет қаралған
Бас прокуратура қаңтарда қаза тапқандардың тізімін жариялады.
Бас прокуратура қаңтарда қаза тапқандардың тізімін жариялады

Бас прокуратураның ведомствалық сайтында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімі жарияланды.

Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімін Бас прокуратураның ведомствалық сайтында жарияланды. Тізімде қаза тапқан 238 адамның аты-жөні көрсетілген.

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлары туралы өзге де мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарымен 5 300 астам қылмыстық іс тіркелген. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар.

«Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Жеке бастарын, денсаулық жағдайын және сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. 955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды, оның ішінде 636 бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда», – деді Елдос Қилымжанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.