Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.
«Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігін басқарған кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді»,- делінген хабарламада.
Әзірге басқа мәліметтер жоқ.
Айта кетсек, Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматының әкімі болды. Оған дейін ол Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.