arasha.kz

Беларусияда контртеррорлық операция режимі енгізілді

Беларусьте контртеррорлық операция режимі енгізілгенін Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей «Известия» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Украинаның «сүттен ақ, судан тазамыз» дегеніне және Беларусь шекарасында ештеңе жоспарламайтындығы туралы мәлімдемесіне қарамастан, ешкімге сенуге болмайды.

Владимир Макей атап өткендей, ел өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі керек.

9 қазанда бейресми арналар арқылы Украина аумағынан Беларуьске соққы жасалғаны туралы ақпарат тарады. Беларусь президенті Александр Лукашенко тез өзгеріп жатқан жағдайды ескере отырып, елдің қауіпсіздігін нығайту үшін тағы қандай шара қолдану керектігін анықтауды айтты.

Exit mobile version