Павлодар облысының полицейлері бес күн бұрын жоғалып кеткен екі балықшының мүрдесін тапқандарын мәлімдеді.
«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қутаяксор көлінде 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.