arasha.kz

Билік пен саяси жүйе тағы да бір адамның қолына шоғырланса, Қаңтар оқиғасы қайталанады

Саясаттанушы Досым Сәтбаев билік пен саяси жүйе Назарбаев кезеңіндей тек бір адамның қол астында болса, Қаңтар оқиғасы қайталанады дейді.

Оның айтуынша, 2019 жылы жұртшылық елорда атауын өзгертуге қарсы болған, алайда билік басындағылар оны қолдап шыға келді, өйткені солай жасау туралы бұйрық болды. 2022 жылы халық тағы да астанамыздың атауын өзгертуді қолдамады, бірақ биліктегілер ол бастаманы іліп әкетті, себебі сондай тапсырма түскен, дейді саясаттанушы.

«Мұндай саяси технологиялық ойындар елді тағы да қауіпті жағдай әкеп тірейді. Көпшілік алдындағы нағыз саясат жоқ жерде, куларлық саясат алдыға шығатыны заңдылық, бұл жерде елдің болашағы тағы да элитаішілік қатыста шешіліп жатады. Биліктің тәуелсіз бақылаушылардың қызметін одан әрі шектеп, президенттікке кандидаттарды тек сүзгіден өткендерді ғана тіркеуі (әлі сол баяғы 5 жыл мемлекеттік қызметте болу) осы үрдісті растай түседі», – дейді Д. Сәтбаев.

Сондай-ақ ол егер Қ.Тоқаев Н.Назарбаев сияқты бақыланбайтын билікті өз қолына шоғырландырып, саяси жүйені қайтадан бір адамның төңірегіне шоғырландырса, қоғамда наразылық пен элита ішілік қақтығыс бұрынғыдан да күшті тұрақсыздықты тудыруы мүмкін екенін айтты. Ондай көріністің шет жағасын қаңтарда көргенбіз.

Exit mobile version