13-10-20 |
1410 рет қаралған
Биыл әлемде 7 миллион адам аштан өлген.
Биыл әлемде 7 миллион адам аштан өлген

Биыл әлемде 7 миллион адам аштан өлген. Ал әлемде әр тоғызыншы адам ашқұрсақ. Бұл туралы БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы бағдарламасы ұйымдастырған конференция барысында айтқан.

Бизлидің сөзіне қарағанда, аштықтың алдын алу үшін алдағы алты айда 6,8 млрд доллар керек.

Коронавирус пандемиясы аштықты өршіте түскен. Егер пандемия кезіндегі аштықтың алдын алмаса аштықтан өлетіндердің саны бірнеше есеге өсуі мүмкін екен.

БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жыл сайын 88 елдегі 97 миллион адамға көмектесіп келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.