07-10-22 |
2020 рет қаралған
Биыл ІІМ-нің 199 қызметкері заң бұзған.
Биыл ІІМ-нің 199 қызметкері заң бұзған

2022 жылдың қаңтар-тамызы аралығында ҚР ІІМ-нің 199 қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Ресми мәліметке сүйенсек, бұл өткен жылға қарағанда 13%-ға төмен көрінеді.

Ранкин аналитикалық сайтының мәліметінше, қызметкерлердің басым көпшілігі ауыр қылмыстық заң бұзушылық жасаған. Атап айтсақ 149 қызметкер осындай әрекетке барған. Ауыр емес заң бұзушылықты – 22 қызметкер жасаса, 25 қызметкер орташа ауыр қылмыс жасапты. Ал, бір қызметкер өте ауыр қылмысқа барған.

Өңірлер бойынша заң бұзушылық статистикасы мынандай:
– Алматы – 25 адам
– Ақтөбе облысы – 19 адам
– Алматы облысы – 17 адам
– Солтүстік Қазақстан – 17 адам.

ІІМ-гі қызметкерлерімен жасалған қылмыстың ең аз көрсеткіші Шығыс Қазақстанда тіркелді. Ол аймақта бір қызметкер қылмыстық әркетке барған.

Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында құқық бұзушылардың жартысы сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған.

Меншікке қарсы құқық бұзушылықты 50 қызметкер жасаған.

Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарды 14 адам жасаған.

Сондай-ақ, ІІМ-нің 12 қызметкері азаптау бойынша айыпталған.

Айта кетсек, Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың туған-туыстары қамауда отырған жақындарының құқық қорғаушылар тарапынан азаптау көргенін айтып дабыл қаққан еді. Ол жөніндегі ресми статистика мен шынайы көрініс бір-бірінен мүлде басқаша болуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.