Жаңа заң нормасы 4 шілдеде қабылданып, 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Бұрын проблемалық кредиттер мемлекет, банк, коллекторлық агенттік пен басқа да қаржылық ұйымдарға ғана берілетін. Енді отандық және шетелдік кәсіпкерлер бизнестің өтелмеген борыштарын сатып алып, үлескер бола алады. Оларға берешектерді басқару және талдау бойынша сервистік агенттіктер көмектеседі, деп хабарлады Qazaqstan ұлттық телеарнасы.
«Кредиттерді сервистік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру мынадай жағдайда көзделген. Ол заңды тұлғалардың 50 миллион теңгеден кем берешегі бар ұсақ қарыздарды сатып алу кезінде, дара кәсіпкерлердің қарыздарын сатып алу кезінде, қарыздарды бейрезиденттер сатып алған кезде», -дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024