Алматыдағы №4 блок-бекетте болған апатқа кінәлі деп айыпталып отырған Азат Азаматовтың әкесі үндеу жасап, баласының жұмыстан шығып кеткенін естімегенін айтты.
Әлеуметтік желіге жарияланған үндеуінде ол апатта қаза тапқан полицейлердің туған-туыстарына көңіл айтып, кешірім сұрады.
«Құрметті қазақ елі! Кеше мен ұлым Азат туралы сұхбат беріп едім. Оның әріптестеріне басымды иіп, тағы да көңіл айтамын. Жастардың өмірден кетіп қалғаны артындағы ата-анасына қатты бататынын білемін. Сондықтан елімнен, жерімнен кешірім сұраймын. Баламның коронавиурсқа байланысты демалыссыз жұмыс істеп, өз еркімен жұмыстан кеткенін мен білмедім. Егер білсем кешегідей сөздер айтпас едім. Бірақ өмір талқысы осындай болып тұр. Оның жұмысқа шыдамай кетіп қалғанын енді ғана біліп тұрмын. Ол менен қорықты ма білмеймін, айтпады. Балама қатал тәрбие беруге тырыстым. Қателеспейтін адам болмайды, дегенмен ол жаман адам емес. Халқым, сіздерден кешірім сұраймын, сөге көрмеңіздерші? Сіздер де ата-анасыздар ғой»,-деді Азаматовтың әкесі көзіне жас алып.
Еске салсақ, 2 сәуірде Алматы маңындағы Көксай ауылында орналасқан №4 блок-бекетте 50 жастағы Азат Азаматов мас күйінде көлік жүргізіп, блок-бекет пен сол жердегі үш автокөлікке соқтығысты. Оның ішінде полиция автокөлігі де бар. Соның салдарынан екі полиция қызметкері жан тапырып, біреуі ауыр һалде ауруханаға түсті.