26-04-23 |
1420 рет қаралған
Цифровизация және баяу интернет.
Цифровизация және баяу интернет

Астанада баяу интернет және интернетке мүмкіндігі жоқ аймақтар анықталды.

Тексеріс барысында интернет деңгейі қанағаттандырмайтын 76 аймақ белгілі болды. Мобильді байланыс операторлары жергілікті әкімшілікпен бірге мәселені шешуге көшті.

Елордадағы интернетке шағымдар өте көп. Сол жақ жағалау тұрғындары әсіресе Тұран көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі аймақтарда интернет өте төмен деңгейде немесе тіпті жұмыс істемейді. Бұл жергілікті тұрғындардың күнделікті өмір сүруіне кедергі келтіріп отыр. Елімізде барлық қызметтер цифрландырып жатса Астана тұрғындарында оны қолданатын интернет те жоқ. Интернет мәселесі соңғы 2-3 жыл бойы шешімін таппай келеді. Осы орайда ҚР цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жағдай қолға алынғаны туралы хабарлады. Алдағы жылда 487 антенна орнатылып Астананың ғана емес басқада аймақтардағы интернет мәселесі шешіледі деп сендірді.

Министрдің айтуынша, көптеген тұрғындар үйлерінің төбесінде базалық станцияларды орнатуға қарсы. Бұл, оның пікірінше, ірі қалалардағы Интернеттің әлсіздігінің басты себебі. Сондықтан қыркүйек айында ведомство заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынады: базалық станцияларды орнатудан тұрғындардың 90% -ы оған қарсы болған жағдайда ғана бас тартуға болады.

Сабақты интернетпен оқып, жұмысты интернетпен істейтін заманда қарапайым 4G-ге қол жеткіздудің өз мұң болып тұр. Министрлік тұрғындардың өтінішін тез арада еңсеріп шығады деген ойдамыз.

Дарын Мұханбетжан

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.