06-09-22 |
1660 рет қаралған
Әділ болайық, әділетті қоғам құрайық – психолог.
Әділ болайық, әділетті қоғам құрайық – психолог

1 қыркүйек күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің кезекті Жолдауын жолдап, ел үшін маңызды да, елеулі мәселелерді көтерді. Маған ұнағаны жастарға арнап көтерген бастамасы. Мысалы, әрбір жас өзінің мамандығын, жүрегінің қалауын тауып, білікті маман болуға шақырды. Өйткені әрбір кәсіби білікті маман әрқашан сұраныста болады. Осыны біз өсіп келе жатқан өскелеңге, балаларымыздың санасына сіңіруіміз керек.

Сонымен қатар, кәсіп бастаймын деген жастарға жеңілдікпен несие беруінің өзі – халыққа үлкен көмек. Тек қана экономикалық мәселелер емес, халықтың әлеуметін көтеретін бастамаларды ұсынғаны ұнады. Әсіресе, дүниеге келген сәбиге төленетін жәрдемақының уақытының ұзартылуы – әрбір отбасына жасалған жақсылық. Оларға жәрдемақыны бір жыл емес, бір жарым жасқа созды. Аналарға берілетін декреттік ақыны 45 пайызға көтерілуі, Ұлттық қор табысының 50 пайызы балаларға берілуі – елді елең еткізді. Өйткені осы арқылы Үкіметтің балалар мен аналардың жағдайына бет бұрғанының белгісі.

Ендігі міндет, Президенттің ұсынылған ұсыныстары толыққанды орындалуын күтеміз. Қазақстанның азаматы ретінде, әрбір оқырманға айтарым, президенттің бастамаларын қолдап, бірде атсалысуға шақырамын. Сондықтан әділ болайық, әділетті қоғам құрайық.

Психолог Назгүл Құдайберген

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.