26-10-22 |
2820 рет қаралған
«DALA DAUYSY» республикалық конкурсы туралы.
«DALA DAUYSY» республикалық конкурсы туралы

Конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын ұйымдастырып отыр.

Номинациялар саны

Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі.
Сыйлықтың толық тізімімен 1-қосымшада танысуыңызға болады.

Конкурсқа кімдер қатыса алады

Конкурсқа соңғы 3 жылда жазылған және Конкурсқа Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2022 жылғы 15 қазан) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатысады.
Авторлардың туындыларына осы Қағидаларда көрсетілген екіден артық емес номинацияларға қатысуға рұқсат етіледі. Әр номинацияда бір Қатысушы тек бір туындыны ұсынады.

Конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі

Келіп түскен Өтінімдер берілген күні Конкурстың ұйымдастыру комитетімен қабылданып тіркеледі.
Келіп түскен Өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді Ұйымдастыру комитеті 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жүргізеді және тексеру нәтижелері бойынша Қатысушының электрондық мекенжайына және\немесе телефон нөміріне:
– құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда Өтінімді қабылдау туралы хабарлама;
– құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Өтінімді конкурс талаптарына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Конкурс талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы Ұйымдастыру комитетінің жіберілген хабарламалары негізінде пысықталған Өтінімдер 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Ұйымдастыру комитетіне электрондық және қағаз түрінде қайта ұсынылуы тиіс.
Ұйымдастыру комитеті келіп түскен Өтінімдерге 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қайта тексеру жүргізеді және Өтінімдер қайта сәйкес келмеген жағдайда Өтінімдерді одан әрі қараудан және қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілген Өтінімдер жұмысқа қабылданады және Қатысушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

Жеңімпаздар қалай таңдалады

Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы айқындайды.

Үміткерлерге құжаттарды қалай тапсыруға болады

Өтінімдер мен қосымша материалдар қағаз жеткізгіште Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайы бойынша № 229 кабинетте қабылданады. Жұмыс күндері сағат 9.00 – ден 18.00-ге дейін.

Қатысушылар үшін құжаттар мен материалдар тізбесі

Конкурсқа қатысуға арналған барлық материал № 1 Конвертте (ЕМS-пошта стандартына сәйкес) № 2 Қосымшаны қараңыз және № 1 Конвертке салынған № 2 А5 өлшемді Конвертте (№ 3 Қосымшаны қараңыз) жіберіледі:
1) № 1 Конвертке Конкурс талаптарына сәйкес қоса берілетін барлық материалдар салынады;
2) № 2 Конвертке № 2 Өтінім (№ 3 қосымшаны қараңыз), Қатысушы туралы шынайы деректер мен байланыс нөмірлер салынады. № 2 Конверт Конкурстың қорытындысы бойынша ашылады.
Конкурсқа қатысу үшін Қатысушылар 2022 жылғы 15 қазаннан
15 қарашаға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес нысан бойынша келесі материалдарды қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға шығармашылық бүркеншік атпен №1 Өтінімді (№2 қосымшаны қараңыз) жібереді:
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
1) CD немесе DVD дискіде туындының аудиожазбасы (MP3 форматта);
2) туынды мәтіні (А4 форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
3) ұсынатын туындының нотасы (А4 форматта).
«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
1) партитура немесе клавир (А4 форматта);
2) CD немесе DVD дискіде туындының цифрлық демонұсқасы немесе аудиожазбасы (MP3 форматта).
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
1) ұзақтығы 90-120 минут болатын екі актілі туынды мәтіні
(А4 форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі).
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
1) туынды партитурасы (А4 форматта);
2) туындының либреттосы (А4 форматы, Courier New – қарпінде,
12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
3) CD немесе DVD дискіде туындының цифрлық демонұсқасы немесе аудиожазбасы (MP3 форматта).
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
4) CD немесе DVD дискіде туындының аудиожазбасы (MP3 форматта);
5) туындының мәтіні (А4 форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
6) партитура немесе клавир (А4 форматта).

№ 2 Өтінімді (№ 3 Қосымшаға қараңыз) келесі материалдарды қоса бере отырып жібереді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (А4 форматта);
2) шығармашылық өмірбаян (А4 форматта);
3) Қатысушының түрлі-түсті фотосуреті (13х18 см өлшемде);
4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шоттың болуы туралы анықтама (А4 форматта);
5) авторлық құқықты тіркеу және қорғау туралы анықтама (А4 форматта).

Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Марапаттау рәсімі

Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және Гала-концерт 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:

Ұйымдастыру комитеті – Ибраев Олжас Қанатұлы
+7 7172 270235, +7 702 842 17 80
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша –
Айжан +7 775 826 75 20
«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша –
Хадиша +7 708 501 24 13
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша –
Айгерім +7 702 857 51 61
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша
Риза +7 778 364 33 03
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша
Әсем +7 771 372 27 31

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.