09-06-20 |
2060 рет қаралған
Дау тудырған бейнеролик үшін кешірім сұрады.
Дау тудырған бейнеролик үшін кешірім сұрады

фото: бейнероликтен алынған скриншот

Әлеуметтік желіде дау тудырған бейнероликке қатысты Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев түсініктеме беріп, сөз соңында ол халықтан кешірім сұраған.

фото: Жандос Қалтаев
фото: Жандос Қалтаев

«Нақты қысқаметражды фильмге келер болсақ. «Талас» киностудиясымен сәуір айында келісімшартқа қол қойылған. Келісімшартқа сәйкес, бүгінге дейін түсірілген фильмдер ақысы өтелген. Ал бұл фильмге тапсырыс берілмеген және ешқандай ақы төленбеген. Төленбейді де.

ЖРО қызметкері, басшы келісімінсіз жария етіп, қате кеткенін аңғара, менің тапсырмам бойынша алып тастаған еді. Қыздарымызды кемсіту, қорқыту, мазақ ету жеке басым да, басқарма да еш қолдамас іс-әрекеттер. Бұдан былай да отбасылық және ұлттық құндылықтарды, адам құқығын, зорлық-зомбылыққа жол бермеуді дәріптейтін туындыларды даярлайтын боламыз.

Әр келіншек, әр ана, әр қыз біз үшін маңызды. Сіздер бүгін де, ертең де әлемді тербетіп отырған жансыздар. Зайырлы мемлекетімізде жыныс бойынша ешқандай да кемсітуге жол болмайтынына сенімдімін. Бұл фильмнің халық бойына келеңсіз сезім ұялатқанына шын көңіліммен кешірім сұраймын» деп жазады Жандос Қалтаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.