«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды.
«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.