arasha.kz

«Дикий» Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі «Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылғанын хабарлады.

Қалалық сот қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы санкция беру туралы өтінішті тергеу органдары бергенін мәлімдеді.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2022 жылғы 6 қазанда сот шешімімен Д.-ны қамауда ұстау мерзімін 11 айға, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция беру туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», – деді Алматы қалалы соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version