Полиция журналист Динара Егеубаеваның «көлігін өртеді» деген бес күдіктіні ұстады. Олар – кәмелет жасына болмаған жасөспірімдер.
«Жедел бөлім қызметкерлері бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен 2005, 2006 және 2007 жылдары туған бес жасөспірімді ұстады. Олардың жауабына қарағанда, екі тапсырысты да олар интернет арқылы белгісіз біреуден алған. Тапсырыс беруші ақысын да дәл солай төлеген», – делінген жазбада.
Полицияның айтуынша, қазіргі кезде күдіктілерге бұлтартпас шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Тергеу жалғасады. Алматы полициясы сонымен бірге «тапсырыс берушінің кім екенін анықтап, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізіліп жатқанын» да хабарлады.
«Барлық дерек бойынша қосымша ақпарат тергеу толық аяқталғаннан кейін жарияланады. Тергеу ІІМ мен Алматы қалалық полиция департаментінің бақылауында», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігінің артқы терезесін сындырып, кірпіш лақтырған, көлігіне от қойған.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024