Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ArtSport бағдарламасы қаржы мәселесіне байланысты уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
«Біз қаржы мәселесіне байланысты бағдарламаны уақытша тоқтаттық. Ең бастысы кредиторлық қарызды жабу керек. Ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс тобын құрдық. Алғашқы кездесулер өтті. Бағдарлама бойынша қарызды жабу үшін қаражат іздейміз деп келістік, бұл шамамен 2,2 миллиард теңге. ArtSport бағдарламасына сәйкес, алдын ала тексерулер жүйеде құжатта бар, өмірде жоқ адамдар бар екенін көрсетті. Біз платформа әзірлеушілерді шақырдық. Жүйенің әлсіз жақтарын жою қажет. Қазір жергілікті бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп жауап берді қала әкімі.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорт секцияларының қалалық бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024