Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук отставкаға берді. Ол Асайын Байханов тағайындалғанға дейін облыс әкімінің міндетін уақытша атқарған болатын.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оның орнына Хасар Хабылбеков тағайындалды.
Еске салсақ, 1 желтоқсан күні Мемлекет басшысының жарлығымен Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған еді.
7 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Павлодар облысының әкімі лауазымына Асайын Қуандықұлы Байханов тағайындалды.