Осы жылдың 30 маусымында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында «Қаратау» ТКӨК-і» кен өндірісі, Орталық байыту фабрикасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы тас үгітетін диірменге түсіп қаза тапқан. Осы қайғылы жағдайға жауапты мамандар бола тұра, бар кінәні екі ауысым бұрын жұмыс істеп кеткен қарапайым жұмысшыға – электрикке артып отыр, дейді фабрика жұмысшылары.
«Жала жабылған электрик Құдайберген Ғалымжан қайғылы оқиға болған күні жұмыста болмағанын, жұмыс кестесінің ауысымымен үйінде болғанын баса айтқымыз келеді. Яғни ол 29.06.2022ж күні сағат 9.00 -21.00 аралығында ауысымда болған. Ал қайғылы оқиға 30.06.2022ж. күні сағат 14.00 де болған. Сол аралықта 2 ауысым өтеді. Сонда неліктен екі ауысым бұрын сменін өткізген жұмысшыға жала жабылып отыр? Бұл оқиға болған уақытта үйінде отырған жұмысшы білдей фабриканы басқарып, тексеріп, жұмыс барысын қадағалап отыруы тиіс басшылардың кінәсін арқалауы керек пе?», – дейді ашынған жұмысшылар.
Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласынан келген экспертиза қорытындысында диірмен арнайы батырмаларды басып, қолмен қоспайынша, өздігінен қосылып кетуі мүмкін емес делінген.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024