11-03-23 |
1150 рет қаралған
«Ел Дауысы» ҚҚ тәуелсіз байқау жөніндегі штабымен ашық кездесу өтті.
«Ел Дауысы» ҚҚ тәуелсіз байқау жөніндегі штабымен ашық кездесу өтті

19 наурыздағы сайлауда 1,5 мыңға жуық сайлау учаскесі «Ел Дауысы» қоғамдық қорының бақылауымен қамтылады. Мұндай деректер Қордың 2023 жылғы 11 наурызда өткен бақылаушылармен ашық кездесуі барысында айтылды.

«Ел Дауысы» қоры алғаш рет өз жұмысын 2021 жылғы өткен парламенттік сайлауда бастады. Оның өкілдері еліміздің ірі қалаларында бақылаушы болды. Қор сонымен қатар жергілікті қоғам белсенділерін оқытты, біліктілігін арттырды. Содан кейін олар ауыл әкімдерін сайлау, референдум және соңғы президенттік сайлау барысын бақылады.

Осы жылдың 22 ақпанында Орталық сайлау комиссиясы «Ел Дауысы» ҚҚ аккредиттеуден өткізді. Қор өкілдері енді Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына сайлауға бақылау жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Осыдан кейін белсенділер өз жұмысын жалғастырып, бүкіл елде ауқымында сайлауда бақылау жүргізілетінін ескертетін плакаттарды ілді.

Бүгін, 11 наурызда, штабта Қор басшысы Аида Джексенова бақылаушыларға нұсқау тренингін өткізді, волонтер пакетінің құрамын түсіндіріп, бақылау кезіндегі маңызды жағдайларды еске салды.

«Биыл «Ел Дауысы» ҚҚ өкілдері Қазақстанның 30 қаласында сайлауға бақылау жүргізеді. Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтарынан басқа Сәтбаев пен Текелі сияқты аудан орталықтары қамтылып, Павлодар облысы Павлодар ауылының тұрғындары алғаш рет қатарымызға қосылды. Учаскеде отырып бақылау жүргізетін бақылаушылардан басқа, 2 адамнан тұратын мобильді бақылау топтары да ұйымдастырылған. Олардың жалпы саны әзірге 60 адам. Олардың міндеті – дауыс беру күні стационарлық бақылаумен қамтылмаған сайлау учаскелері арасында жүру, анықталған бұзушылықтарды тіркеу. Сондай-ақ, мобильді бақылаушы қажет болған жағдайда учаскедегі бақылаушыны алмастыра алады», – деді Аида Джексенова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ел Дауысы» бақылаушылары дауыс беру күні жұмысқа толықтай дайын. Барлық ерікті «волонтер жинағын» алды. Онда бейдждер мен бақылаушылардың куәліктері, пайдалы ақпараты бар блокнот, қор Жарғысынан үзінді көшірме, аккредиттеу туралы куәлік, сондай-ақ бұзушылық туралы актінің бос бланкілері бар.

Сондай-ақ, барлық ерікті «Ел Дауысы» қорының үш жылда жетілдірілген өз әдістемесі бойынша толыққанды оқудан өтті. Оқу аясында Аида Джексенова атап өткендей, бірнеше қалалардағы бақылаушылармен кездесулер өткен.

Қазіргі кезде «Ел Дауысы» ҚҚ командасы сайлауға белсенді бақылау жүргізіп жатыр. Аида Джексенова мәлімдегендей, осы кезеңдегі басты проблемалардың бірі: депутаттыққа кандидаттардың үгіт-насихат плакаттары жыртылып, қайта жапсырылып жатыр, электоралды процеске қатысушылардың сайлауға қатысты ақпараты аз. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұйымдастырушылық жұмыстың әлсіздігі. Мысалы, жекелеген әкімдіктер өз сайттарына ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпаратты толық көлемде жарияламаған немесе бұған немқұрайды қарайды.

Аида Джексенова дауыс беру күні бақылаушылар мен сенімді адамдардың көп болуына байланысты бақылаушылардың жұмысы қиынға соғады деп алаңдайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.