02-11-22 |
940 рет қаралған
Елімізде бір айда тауарлар мен қызметтер бағасы өсті.
Елімізде бір айда тауарлар мен қызметтер бағасы өсті

2022 жылдың қазан айында Қазақстандағы айлық инфляция 1,6%, жылдық инфляция 18,8% құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әрқайсысы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп көтерілді – 5%, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады. Тас көмір 2,1%-ға, отын 1,7%-ға өсті.

Өткен айда ақылы қызметтерге баға деңгейі 1,7%-ға көтерілді. Қонақ үй қызметтеріне бағаның 6%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 4%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 3,3%-ға, моншаларға – 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарына – 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі – 2,2%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қазанда 1,4%-ға өсті. Оның ішінде қызанақ 21%-ға, қияр 14,7%-ға, жұмыртқа 6,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері 2,3%- ға, тоқаш және ұн өнімдері 2,2%-ға, алкогольсіз сусындар 1,9%-ға, ірімшік пен сүзбе 1,8%-ға қымбаттады. Керісінше, сәбіз – 5,6%, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, картоп – 3,5%, қырыққабат – 2,6%, құмшекер 2,3%-ға арзандады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда жылдық инфляция 17,7% құраған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.